Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да ер адам танысын шеге суыратын құралмен ұрып өлтірді

Шемонаиха ауданындағы Межовка ауылында ер адам өзімен бірге тұратын әйелді өзінің досымен бір төсекте жатқанын көреді. Қызғаныштан ашуға мінген ер адам өзінің танысын шеге суырғыш құралмен өлтіргенше ұрады. Ақыры зардап шегуші ауруханада қайтыс болған.

2114222cef4078eab50c28f54dc3eead

Сурет ktovdome.ru

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Қайғылы оқиға осы жылдың ақпан айының соңында болыпты. 45 жастағы азамат мен оның азаматтық некедегі әйеліне С. есімді танысы қонаққа келеді. Ол өзімен бірге ащы судан да ала келіпті. Үшеуі көңілді отырыс жасайды. Түн ауғанда үйдің қожайыны мас болып ұйықтап қалған. Оның азаматтық некедегі әйелі мен П. әлі арақ ішіп отырады. Бірнеше сағаттан соң оянған күйеуі әйелінің П-мен бір диванда жатқанын көреді. Ақыры шеге суырғыш құралды қолына алып, танысып өлгенше сабаған.

Әбден таяқ жеген қонақ әрең дегенде үйден шығады. Біраз уақыт өткен соң үй иесі жерден көтеріле алмай жатқан танысын көшеден көреді. Ер адам оны сүйрелеп үйге кіргізіп, пештің қасына отырғызып қояды. “Жедел жәрдем” шақыру туралы тіпті де ойланбаған. Зардап шегуші артынан келген туған ағасының арқасында таңертең ғана ауруханаға жеткізіледі. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан ол екі күннен соң ауруханада қайтыс болған.

Аудандық сот П-ны сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтемек.

Талқылау