Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да «Қазір пойызды тоқтатамын!» деп айқайлаған ер адам көпірден секіріп кеткен (фото)

Зырян ауданындағы Парыгино және Баяновка ауылдарының арасында ШҚО ТЖД-нің № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері биіктігі 6 метр теміржол көпірінен құлаған ер адамды ауруханаға жеткізді.

20160331115113

Бұл туралы  ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқиғаға куәгер болған теміржол төсемінде қызмет ететін жұмыскерлердің айтуынша, 35 жастағы ер адам кеше кешке көпірдің үстінде серуендеп жүрген. Өзін өзі біртүрлі ұстаған ол теңселіп жүріп, «Қазір пойызды тоқтатамын!» деп айқайлаған. Бірнеше минуттан соң куәгерлер оның ізім-ғайым жоқ болып кеткенін байқаған. Көпір таянышына жүгіріп келгенде, олар ер адамның төменде қимылсыз жатқанын көреді. Темір жол жұмыскерлері бірден жедел жәрдем қызметіне және құтқарушыларға қоңырау шалған.

20160331115119

Қазір ол ауруханада, жағдайы ауыр. ШҚО ТЖД қызметкерлері бұл осы аптада екінші рет адамның көпірден секіру оқиғасы екенін айтады. Бұған дейін бірнеше күн бұрын ШҚО-да тағы екі осындай оқиға тіркелген: олар Өскемен және Семей қалаларында болды. Жедел-құтқару іс-қимылдарының арқасында зардап шеккендер тірі қалды.

20160331115123

Талқылау