Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да екі азамат заңсыз аңшылық еткені үшін ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында екі азамат заңсыз аңшылық үшін ұсталды.

Полицейлер Алматы облысы Алакөл ауданының екі тұрғынын ұстады. Күдіктілер Mercedes-Benz көлігімен жүрді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 53 және 34 жастағы азамат заңсыз аңшылықпен айналысқан. Олар бірнеше құсты атып алды. Олардан келген шығын 300 мың теңге. Заңсыз аңшылыққа қатысты тергеу басталып кетті.

Бұған дейін Қарағанды облысында заңсыз аңшылық салдары қайғылы жағдаймен аяқталған еді. Браконьерлерді қуған екі аңшының бірі қаза болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау