Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да бойжеткен сүйіктісін құрбысының үйінде жалаңаш жатқанын көріп, пышақпен жарақаттады

Шығыс Қазақстан облысы Жаңа Бұқтырма кентінің 22 жастағы тұрғыны Инна К. Мен оның азаматтық некедегі жұбайы екеуі жақын құрбысының үйіне қонаққа барған. Олар сол үйде ішімдік ішіп, көңіл көтерген.

_ножом_28.01.16

Сурет: 1ul.ru 

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

 

Ішімдік бітіп қалған соң олар дүкеннен тағы ішімдік әкелуге бекінеді. Бірақ, дүкенге Иннаның жігіті емес, қыздың өзі кеткен. Ол дүкеннен қайтып келіп, үйдің есігін қаққанда оған ұзақ уақытқа дейін үйдің есігін ашпай қойған. Кейіннен құрбысы ашқан соң үйге кірген бойжеткен сүйіктісінің диванда кеудесі жалаңаш күйде жатқанын көрген.

Бқл көрініс күмән тудырғандықтан қыз оның неліктен киімсіз жатқанын сұраған. Ал, жігіті ыстықтағаннан кейін футболкасын шешіп қойғанын айтқан. Оның бұл айтқаныны сенбеген қыз екеуінің арасында жанжал туған. Жігіттің айтқаныныа сенбей, ашуға булыққан қыз оның кеудесіне пышақ тығып алған. Ашуын баса алмаған қыз жігіттің денесіндегі қанды көрсе де, оны пышақпен екінші рет жарақаттайды.

Содан кейін ғана өзіне өзі келіп, жігіттің қанын орамалмен басып, жедел жәрдем қызметін шақыртқан.

Тергеу кезінде қыз мұндай әрекетке жігітке сенбегеннен барғанын айтқан. Ал, жігіт Иннаны кешіретінін, оған қатаң жаза қолданбауын айтады. Қызды 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Роман Кудинов

Талқылау