Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғыны қонақтан жалаңаш оралған әйелін өлгенше ұрған

Риддер тұрғындары қызғаншақтықтың кесірінен бір-бірімен жаға жыртысқан. Қонаққа кеткен әйел, үйіне жалаңаш денесінің сыртындағы күртешесімен оралған. Азаматтық некедегі күйеуі әйелді өлгенше сабаған.

img-20150227172247-804

Бұл туралы Өскемен жаңалықтары хабарлайды.

Қайтыс болған әйелдің артында 5 баласы қалды. Алайда аналары олардың тәрбиесіне көңіл бөлмей, балалар туыстарының үйінде көшіп-қонған. 31 жасар көңілдесімен ол жеке үйде тұрған. Таныстарының айтуынша, бұл жұп уақытының барлығын тек арақ ішуге жұмсаған. Екеуі үнемі төбелесетін болған.

Сол күні екеуі ішуді таңертеңнен бастаған. Әйел кешкісін танысымен кездесуге барып, бір сағаттан соң оралады. Келген кезде киімінен жалаңаш денесін жауып тұрған тек күртешесі болған.

Әрине, еркекке бұл қулығы ұнамайды. Тағы да жұптың арасында ұрыс-керіс басталады. Әйел болса неліктен бұлай киініп келгені туралы шынын айтпайды. Ақыры дауласып, еркек тынышталғандай болады. Сосын екеуі ұйқыға бас қояды. Ал таңертең оянғанда әйел өлі күйде болған.

Соққыға жығудың куәсі кінәлінің ағасы болуы мүмкін. Әйткенмен, ол отбасылық дауға араласқанды жөн көрмеген. Алайда, әйелдің әрең-әрең тірі жатқанына қармастан, жедел жәрдем шақыруды ойланбаған.

Әйелді өлтірді деп айыпталған еркек, жазасын 10 жыл бойы жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды.

Талқылау