Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да әйел барби қуыршақтарына киім тігіп күн көріп отыр

Шығыс Қазақстандағы Зырян ауданының тұрғыны Наталья Кузовлева ерекше хоббимен айналысып, ақырында оны табыс көзіне айналдырған.

20170113shkat00

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Әйел кәдімгі қуыршақтарға киім тігумен айналысады. Бүгінде шебердің топтамасында 20 дайын киім бар. Оның біразы Қазақстан мен Ресей тұрғындарына сатылып кетіпті.

Былтырғы жылы жұмыстан кеткен 36 жастағы әйел осы істі ермек ете бастаған. Интернетте қуыршақтарды қарап отырып, оған осындай ерекше ой келіпті.

20170113shkat2

Ол материал ретінде ескі киімдерді пайдаланады.

“Біраз киілген, сыймай қалған киімдерді таңдап, пайдаланамын. Осылайша олардан қуыршақтарға арналған киім тігіп, маталардың екінші тыныстарын ашып жатырмын”, – дейді ол.

20170113skat52

Киіндірілген қуыршақтардың бағасы 3 мың теңге шамасында. Әлеуметтік желіге суреттерін жариялаған соң сұраныс тіпті арта бастаған.

“Менің қуыршақтарым көп адамдарға ұнайды екен. Қазір маған тапсырыс беретіндер саны көп. Сегіз сәнді киінген барби жаңа жыл алдында Алматыға жол тартты. Тағы біразын Новосібір тұрғындары алдырды”, – дейді Наталья.

20170113shkat4

Оның отбасы да Натальяның қызығушылығын қолдап отыр. Бір киімlі тігіп шығу шамамен екі күн уақытты алады екен.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында ұстаз оқушының мойнындағы православиелік алқаны шешіп тастады

Атырау әкімдігі қайтыс болып кеткен адамға жер берген

Ақтөбелік жігіт кранмен көтеріліп, сүйіктісіне сезімін білдірді (видео)

Сотталушы рақымшылықтан бас тартты

Талқылау