Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да әлеуметтік желіге суретін жүктеген мемлекеттік қызметкер жазаланды

ШҚО әділет департаментінде қызмет атқаратын келіншекке әлеуметтік желідегі суреті үшін сөгіс берілді.

8585

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әйелдің әлеуметтік желідегі суреті қоғам тарапынан сынға ұшыраған.

Кеше әдеп жөніндегі кеңестің отырысында ШҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Әлсейіт Бейсембек мемлекеттік қызметкердің әдеп кодексін сақтамағаны туралы мәлімдеген.

Былтырғы жылы жұмыстан тыс уақыт кезінде өздерін мемлекеттік қызметкерге лайық ұстамаған екі қызметкер жазаланған.

“Т. қоғам тарапынан сынға ұшыраған суретті әлеуметтік желіге жүктеген. Жеке тұлғаның ШҚО әділет департаменті сайтына жасаған шағымы қызметтік тексеріс жүргізуге себеп болды”, – деді Әлсейіт Бейсембек.

Департаменттің тағы бір қызметкері қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін айыпталған.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда қандай қылмыстар үшін азаматтықтан айыруы мүмкін

Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы парламентке түсті

87 жастағы академик Төрегелді Шарманов ұзақ жасаудың құпиясын ашты

Павлодарлық жігіт полицейдің көлігінің үстіне шығып алып селфи жасады

Талқылау