Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 91 жастағы соғыс ардагерінің жеңістің 70 жылдығына берілген медальін ұрлап кеткен

Ұралар Евгений ақсақалдың үйін ол ұйықтап жатқан кезде тінтіген. Түнгісін ардагердің үйін тонағандар оның ақшасын. Медальі мен неке жүзігін, қайтыс болған жарының бұйымдарын қолды екткен.

veteran-usttalovka20151224_0
Бұл туралы YK-news.kz сайты хабарлайды.
Жергілікті полицияның мәліметінше ұрлық 4 желтоқсан күні болған. Ардагер денсаулығындағы кінәратқа байланысты есіту құрылғысын киіп жүреді. Ұйықтайтын кезде оны шешіп қояды. Осы себепті де ол есігін бұзған ұрылардың келгенін білмей қалған.
Ертеңгісін үйінің астан-кестені шықанын көрген соғыс ардагері бірден полицияға қоңырау шалған.

Ол үйіндегі қымбат бұйымдармен бірге осы жылы өзіне берілген медальдің қолды болғанына таң қалған. Тағы бірнеше марапат медальдар ілінген костюмы өзі жатқан бөлмеде болған. Сол себепті де аман қалған болуы мүмкін.
Екінші дүние жүзілік соғыстың ардагері қаңтар айында 92 жасқа толады.

« Зейнеткердің ұрлық болып жатқан кезде оянбағаны дұрыс болған. Ұрылар оны соққыға алуы да мүмкін еді» ,-дейді полиция инспекторы Асхат Қалиев.

Зейнеткердің бағалы бұйымдарын қолды қылған азамат жедел іздестіру амалдары кезінде бірден табылған. Ақсақалдың заттары өзіне қайтарылды. Күдікті бұған дейін сотталған сол ауданның тұрғыны екен.

Талқылау