Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 9 ауыл қар құрсауында қалып, төтенше жағдай жарияланды

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында тоғыз ауылдық округте қалың қар басып қалғандықтан төтенше жағдай жарияланды.

колик каррр

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қар тоқтаусыз жауып, жолдарды жауып тастағандықтан Тассай, Шұғылбай, Биғаш, Мариногорский, Палацинский, Самара, Беленский және Көкпекті ауылдық округтерінде төтенше жағдай жарияланған.

Бұл ауылдарда сыртпен байланыс үзілген. Қазір ауданда төтенше жағдайды жою мен жолдарды ашу, жолда қалған адамдар мен көліктерді құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

 

Талқылау