Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 61 жастағы азамат үйінде ұзақ отырып қалған қонақты пышақтап тастаған

ШҚО-да 61 жастағы ер азамат үйінде ұзақ уақыт отырып қалған қонағын пышақтап, өлтіріп қойды. Жәбірленуші үйдің табалдырығында жан тәсілім еткен.

445558

Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Кешкі уақытта егде жастағы ер адамға таныс әйел қонаққа келген. 2 бөтелке арақ көтеріп келген ол келген үйінде қонбақшы болған. Алайда азамат оның бұл қылығын жақтырмастан, кетуі керектігін, таңертең туысының келетінін ескерткен. Алайда әйел үндеместен кетіп қалудың орнына үй иесімен ұрсып, неше түрлі былапыт сөздерін жаудырған.

Алғашқыда оған мән бермей-ақ қояйын деген үй иесі тып-тыныш ыдысын жуып тұрған екен. Сөзіне мән бермей тұрған азаматтың әрекеті әйелдің шамына тиіп, ол үй иесін иығынан итеріп жіберген. Шыдамы таусылған азамат оны қолында тұрған пышақпен иығынан, артынша бетінен бір-ақ ұрыпты. Әйелді сыртқа шығарып, өзі ұйықтап қалған ол әйелдің мерт болғанын білмегенін айтады.

Тек ертесі күні таңертең үй ауласына шыққан ол кешегі қонағының мәйітін көрген. Ар-ұжданы мазаласа керек-ті, бірден полицияға хабар беріп, қылмысын мойындапты.

Ал сот барысында қайтыс болған әйелдің қызы анасының ішімдікке әуес әрі мінезінің қызба болғанын, мас күйде кез келген адамның намысына тиетін сөздер айтатынын мәлімдеді.

Ал аудандық сот адам денсаулығына ауыр зиян келтіріп, оны абайсызда өлтіріп қойғаны үшін азаматты 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда үш адам теңізге батып кетті

Ақтау тұрғыны жүгіруге шыққан жас қызды зорлап кеткен

Алматы облысында үш жасар бала терезеден құлап мерт болды

Алматыдағы ұшақ апатында қаза болған курсант танымал ұшқыштың немересі болып шықты

Талқылау