Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 6 жасар бала ішімдік ішіп, наркологиялық диспансерде есепте тұрған

Шығыс Қазақстан облысында наркодиспансерде есепте тұрған алты жасар бала туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Сайып келгенде, қазіргі жағдай мүлдем басқаша болып шыққан.

ШҚО-да 6 жасар бала ішімдік ішіп, наркологиялық диспансерде есепте тұрған

Бұл туралы «Дидар» газетіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, «аты шулы» алты жасар бала осыдан 3 жыл бұрын наркологиялық диспансерде емделіп шыққан. Бұған дейін ішімдік ішкен бала жағдайы нашарлап, жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Полиция қызметкерлері ол туралы орталыққа хабар берген. Баланы тексергеннен кейін, оның ішімдік ішкені расталыпты. Баланың өзі де мұндай жағдайдың бұрын да бірнеше рет болғанын айтқан.

Десе де балақай маскүнемдікке салынған жоқ. Балалар дәрігері Манап Қалиев балаға «алкоголизм» диагнозы қойылғанмен, ол ішімдікке тәуелді болмағанын айтты. Бұл жағдай ата-ананың салғырттығынан туындаған келеңсіздік десе де болады.

«Ата-анасының келісімі бойынша, біз баланы бақылауда ұстадық. Бала емдік шараларға мұқтаж болған жоқ. Сондықтан стационарда апармадық. Десе де, еліміздегі заң бойынша, жыл бойы амбулаториялық бақылау жүргіздік. Әр ай сайын баланың үйіне барып, жағдайын білдік. Біздің психолог маман да баламен тұрақты түрде жұмыс істеді. Бір жылдан кейін оның жағдайы жақсы деп танылды. Мұнан кейін оны «тәуекел тобынан» босаттық», – дейді Манап Қалиев.

Дәрігердің сөзінше, облыста осы тәрізді жағдайға тап болып, орталыққа келіп түсетін жеткіншектер саны аз емес. Бұл көрсеткіш соңғы бес-алты жылда бұл көрсеткіш төмендемеген екен.

«Әуелгі кезде орталыққа ішімдік пен шылымға әуес жасөспірімдер ғана қаралуға келетін елі. Соңғы уақыттарда мектеп оқушыларының арасында насыбайға әуестік пен токсикомания тарай басталы. Біз онымен күресудеміз. Жеткіншектер арасында есірткілік заттарға ұрынғандар да болған. Енді парагенератор деген пайда болды. Көбі бұл затты  «электронды шылым» деп атайды. Алайда бұл көзалдау екені анық. Шынтуайтына келгенде, бұл зат – қалтада алып жүруге болатын калян. Оның құрамында наша қоспалары болады. Мұндай дүниелердің бәрі жасөспірімдердің денсаулығына зиян келтіруде», – дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, зиянды әдеттерге үйірсоқтардың дені – 13 пен 16 жас аралығындағы жеткіншектер екен. Ал мұндай жеткіншкетердің басым бөлігі толымсыз отбасылардан шығатын көрінеді.

Оқи отырыңыз:

“Қазгидромет” мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтты

Ақтөбеде жас босанған ана сәбиінің шетінегеніне министрлікті кінәлап отыр

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен билеуді қалай үйренгенін айтып берді (фото)

Қазақстандағы АҚШ елшісі «Қара жорға» биін биледі (видео)

Талқылау