Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 17 жастағы бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті

17 қыркүйек күні Зыряновскте 17 жастағы Ксения Сидорина үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті. Қыздың туған-туыстары оның жоғалып кеткені жайлы полицияға арыз жазған және өздері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

sidorina-k20160919_0

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жоғалған қыздың әпкесінің айтуынша, ол 07:00-де Жаксыбаев көшесіндегі үйінен шығып, өзінің сүйіктісінің үйіне қарай кеткен.

«Бұл күні оның жігітінің туған күні болатын, сондықтан ол оны құттықтау үшін үйден шықты. Алайда ол діттеген жерге жетпеген. Біз полицияға оның жоғалып кеткені жөнінде шағым түсірдік. Өз бетімізше де іздестіріп жатырмыз», – дейді әпкесі.

Ксения сұр күртеше, көк джинс шалбар, қара түсті аяқ киім киген. Бойы 160 см шамасында. Сұр түсті сөмке ұстаған.

Ксенияның қайда екенінен хабардар адамдар болса, сондай-ақ іздестіру жұмыстарына атсалысамын деген ниеттегі жандар 8 777 987 73 72 және 8 777 790 16 57 номерлеріне хабарласуына болады.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматыда жоғалып кеткен жас ана аман-сау табылды

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы салынуда

Шымкенттегі жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты

Талқылау