Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 130 адам мен тікұшақ орманнан шыққан өртті сөндіріп жатыр (фото)

Семей маңындағы Қызылкардон орман шаруашылығында өрт шығып, өрт сөндіруге 130 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

ШҚО-да 130 адам мен тікұшақ орманнан шыққан өртті сөндіріп жатыр (фото)

ТЖК мәліметінше, орман өртеніп жатқан жерде екі әскери аумақ құрылған.

«Өрт сөндіруге 130-дан аса адам жұмылдырылды. «Семей Орманынан» 26 автоцистерна, 109 орманшы, 3 трактор, өрт сөндіру және апатты құтқару жұмыстарынан 10 техника, 36 адам жұмылдырылған», – делінеді хабарламада.

ШҚО-да 130 адам мен тікұшақ орманнан шыққан өртті сөндіріп жатыр (фото)

Сондай-ақ, өртті сөндіру үшін тікұшақ та жіберілген.

ШҚО-да 130 адам мен тікұшақ орманнан шыққан өртті сөндіріп жатыр (фото)

ТЖК хабарлауынша, қатты жел ормандағы өртті сөндіруге кедергі келтіруде.

Қазіргі уақытта өрт аумағы шамамен 40 гектарды құрайды.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбелік кәсіпкерлер Рамазан айында арақ саудасынан бас тартып жатыр

Алматы метросында пойыздардың жүру кестесі өзгереді

Екі сағатқа сұранған: Қарағандыда ауыр дертке шалдыққан сәбиді ата-анасы тастап кетті

Өскемен тұрғындары автобус астына түсіп көз жұмған 9 жасар қыздың қазасына қайғырып, ойыншық апарып жатыр (фото, видео)

Талқылау