ШҚО-да 13 жастағы қызды өгей әкесі зорлаған. Анасы қылмыскерді кешірген

Бұл туралы аймақаралық арнайы мамандандырылған қылмыстық сотының судьясы Қуаныш Забенов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Altaynews сайтына сілтеме жасай отырып.

ШҚО-да 13 жастағы қызды өгей әкесі зорлаған. Анасы қылмыскерді кешірген

Қылмыскер осыдан сегіз жыл бұрын жәбір көрген бүлдіршіннің анасымен шаңырақ көтерген. Содан бері бір ұл мен бір қызды өмірге әкелген көрінеді. Олардың бірі 5-ке, бірі 7-ге аяқ басып отыр. Күйеуінен 5 жас үлкен әйел ауылдық дүкенде жұмыс істесе, үй иесі жүк көлігін жүргізіп, нәпақасын тауып жүрген.

Оқиға былай өрбіген: 3 наурызда аталмыш ер азаматтың туған күні болса керек. Таң атқаннан бері дос-жаран, көрші-қолаң болып тойлатуға кіріскен. Қонақта отырған ерлі-зайыптылар үйдегі бала-шағаға хабарласа алмаған соң, туған күн иесі барып біліп, үлкен қызын ерте келмек болып кеткен. Үйіне барып, қайтар жолда өгейі әке 14 ке толмаған қыз баланы ұрып-соғып, айуандық жасаған. Қонақтар жиналған үйге әке мен қыз болып бірге келгенде, бүлдіршін болған жайды жайып салған.

Полицияға хабар берген сол үйдің әйелі. Бұдан кейін зорлау фактісі анықталған. Іс барысында бүлдіршіннің анасы: “асырушымыздан айырмаңыздар” деген желеумен арызын қайтып алмақ та болған көрінеді.

– Бірақ аса ауыр қылмыстар арызын қайтып алумен бітпейді, – дейді судья. – Әйел сотта куә болудан бас тартты. Ол қызының заңды өкілі болып сотқа кіргенімен, өз арызынан соң, заңды өкілдіктен босатылды. Оның орнына аудандық білім бөлімінің маманы жәбірленушіге заңды өкіл болып танылды.

Күдікті өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, қылмысы дәлелденсе де, бой бермеуге тырысқан. Алайда 15 жылға бас бостандығынан айрылып, қатаң режимдегі мекемеге жіберілді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар