Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 12 жасар бала бір түн бойы қар астында түнеп шыққан

Шығыс Қазақстан облысында 25 қараша күні жергілікті дін қызметкері Кирилл Хониннің 12 жастағы ұлы үйден шығып кетіп қайта оралмаған. Баланы іздеп таппаған ата-анасы полицияға хабар береді.

6565

Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.

Біраз уақыттан соң баланың өзі үйге келген. Белгілі болғандай бала аулада ойнап жүріп, алып қар үйіндісіне құлап кеткен. Есінен танып қалған бала түні бойы қар астында жатыпты.

Кирилл 10 қазан күні 12-ге толған. Ол отбасындағы сегіз баланың алтыншысы екен. Сол күні көшені тұман басып, іздеу жұмысын қиындатқан. Тіпті баланы іздеуге жедел топ та жұмылдырылған.

Бала үйге өзі кіріп келген кезде, ата-анасы не істерлерін білмей таңғалып қалыпты. Сосын оны бірден спиртпен жуындырып, жедел жәрдем шақыртқан.

“Ол қоршаудан секіремін деп, қар үйіндісіне батып қалған. Ал есін жиған кезде не болғанын мүлде түсіне алмапты. Ақыры қарды ойып, босанып шығуға әрекет жасаған”, – дейді анасы Вера Хонина.

Абырой болған бала қалың киіндіктен, үсік шалмаған. Қазір Кирилді жансақтау бөлімінен шығарған.

Оқи отырыңыз:

Темекі шеккен хиджабтағы қыздар желі қолданушыларын шошытты (видео)

Қазақстанда 30 мыңға жуық сотталушы түрмеден босатылады

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан Жәнелге 12 млн теңге жинап берді

Елімізде жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі кемуі мүмкін

Талқылау