ШҚО-да 12 метрлік биіктіктен құлап кеткен ер адам құтқарылды

Бейсенбі, 20 Сәуір , 2017 14:22

Шығыс Қазақстанда мамандандырылған құтқарушылар отряды абайсызда 12 метр биіктіктен құлап кеткен 49 жастағы ер адамды желдеткіш шахтадан алып шықты.

8888

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Төтенше оқиға бүгін Өскемен қаласында болған.

“Жұмысшылар бригадасы шатырдағы жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Зардап шеккен адамға қосымша құралдар керек болып, төтелеп тартады. Ер адам сол кезде ғимараттар арасындағы ені 1, ұзындығы 5 метр болатын ашық тұсты байқамай қалған. Осылайша ол 12 метр биіктіктен құлап кетеді”, – делінген хабарламада.

Құтқарушылар қысқа уақыт ішінде оқиға орынына жетед.

“Біз екі жерден ілмек жасадық. Оны арқанмен бекіттік. 2 құтқарушы төменге түсті. Ер адам өзінің тірі екенін білдіріп, біздің сұрақтарымызға жауап бере бастады. Ақырында біз оны жоғарыға тартып шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық”, – дейді құтқарушылар отрядының басшысы Әлібек Төкенов.

Алдын ала деректер бойынша, зардап шегушінің аяғы және қолы сынған.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде жоғалып кеткен 9 жасар баланың денесі табылды

Павлодар облысында 4 жасар бала әкесінің көз алдында өртеніп кетті

Семейде терезе жумақ болған әжей 5-қабаттан құлап көз жұмды

Оралда жас жігіт туыстарының көз алдында көпірден секіріп кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар