ШҚО-да 10 жасар ұлын құтқармақ болған әкесі оның көз алдында суға батып кетті

ШҚО-да Глубокий ауданының Карагужиха аулында 10 жасар ұлын құтқармақ болған әкесі мерт болды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

ШҚО-да 10 жасар ұлын құтқармақ болған ер адам оның көз алдында суға батып кетті

10 жасар бала әкесімен бірге өзен жағасында демалып жатқан. Осы кезде бала таудан ағып жатқан өзенге түспек болыпты. Алайда ол суға бата бастаған. Ал ұлын құтқармақ болған әкесі оны жағаға шығарғаннан кейін, ағысқа төтеп бере алмаған. Салдарынан өзеннің қатты ағысы ер адамды ағызып әкетіпті.

«Іздестіру шарасы бірнеше күнге созылды. Су деңгейі шамамен 10 сантиметрге түскенше жалғасты. Нәтижесінде оқиға орнынан 25 шақырым жерден ер адамның мәйіті табылды», – дейді құтқарушы Валерий Лытарь.

ТЖД мәліметінше, демалыс күндері өңірде тағы екі адам суға батып кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар