Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО дүкендеріндегі ойыншықтардың зиянды екені анықталды

Шығыс Қазақстан облысында ойыншықтар мен балаларға арналған тауарлар сапасын қарап, олардың қаншалық техникалық талаптарға жауап беретінін тексерген мамандар бірқатар ереже бұзушылықты анықтаған.

87ba0b2dd4fd7f9434d0d5e92b8c9146

Сурет efir24.tv

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

ШҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті облыстағы мамандандырылған дүкендерден бақылау мақсатында 30 түрлі ойыншық және түрлі балалар тауарларын сатып алған. Алайда сол тауарларға жүргізілген сараптама нәтижесі көңіл көншітерлік болмай шықты: 9 ойыншықтан тиісті таңбалар табылмаған. Сондай-ақ, ойыншықтар физика-химиялық көрсеткіштерге де сай болмай шыққан.

Бірқатар ойыншықтар жайсыз иіс шығарған. Осылайша ереже бұзушылық фактілеріне сәйкес, мемлекеттік орган өз шеңбері аясында шаралар қолданбақ.

Талқылау