Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО әкімі Ольга Рыпаковаға темір тұлпар сыйлады (фото)

Өскемен қаласының әкімі Ольга Рыпаковаға темір тұлпар сыйлады.

20160830121719

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Бүгін Өскеменде ҚР Конституциясы күніне орай өткізілген салтанатты іс-шарада Риодағы Олимпиада ойындарының қатысушыларына құрмет көрсетілді. Өңір әкімі Даниал Ахметов Ольга Рыпаковаға жерлестерінің атынан Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін сыйлады және 50 мың АҚШ долларының чегін табыс етті.

Ауыр атлет Денис Улановқа екі бөлмелі пәтер кілті берілді. Шығыс Қазақстан облысынан шыққан басқа да Олимпиада қатысушылары –  диск лақтырушы Евгений Лабутов, марафондық қашықтықтағы жеңіл атлет Ирина Смольникова, 400 метрге жүгіру бойынша жеңіл атлет Элина Михина және ескекші Екатерина Смирнова облыс әкімінің бір жылдық стипендиясы сертификаттарын алды.


Жіберіп алмаңыз:

Ольга Рыпакова Олимпиададан соң “Гауһар лигаға” қатысып күміс медаль жеңіп алды

Ольга Рыпакова: Қола медаль үшін ризамын, соңғы 4 жыл оңай болған жоқ

Ольга Рыпакованың жүлделі орын алған сәті (видео)

Талқылау