Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО әкімі: мемлекеттік бюджетті корпоративтен басқа да  үнемдеуге болады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов дағдарыс кезінде мемлекеттік бюджетті корпоративтік кештерден басқа да үнемдеуге болатынын айтты.

7

Бұл туралы Даниал Ахметов орталық коммуникация қызметі бойынша өткен брефингте жариялады.

«Әрине, корпоративтік кештер, артықшылық екені белгілі. Бірақ сол бір ғана кештерден ақшаны үнемдеу сорақылық», – деді ол.

Айтуынша, олар басқа да қаражаттың үнемдеу жолдарын белгілеп қойған. Олардың ішінде қуатты үнемділеу де бар. Мәселен, олар алдағы уақытта қала ішіндегі жарықтардың жүйесін өзгертіп, қуаттылықты 30-40 пайызға үнемдемекші.

«Мәселен, көшедегі жарықты тәулігіне 24 сағат жануы мүндетті емес. Бірақ қызметтің шеттен тыс қсуі де керек емес. Алайда басқарма жүйесінде істейтіндерді қысқартса болады. Жақында біз Өскеменде концерттік шығармашылықпен айналысатын екі мекемені қарадық. Бірі компания, екіншісі филармония. Екеуін бір мекемге біріктіргеннің өзінде 600 млн теңгеге үнемділік әкеледі. Мәселен, ШҚО-ның ревизиялық комитет жалдап отырған орнына жылына 17 миллион теңге кетіреді. Әрине біз оларға орын тауып береміз. Сол жерден үнемілігін бастауларына болады», -дейді Даниял Ахметов.

Және елбасының жолдауы бойынша инфрақұрылымдық жоба құрып, оның дамуына көмегі тиетін институттарды тартуды жоспарлауда.

Сонымен қатар, бюджетті 30 пайыз үнемділікті жергілікті әкімдіктерге жүктелген.

 

Талқылау