ШҚО әкімі баяндама жасап тұрған басшыға көпшіліктің алдында ұрысып тастады

ШҚО әкімі Даниал Ахметов аппараттық кеңес барысында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсет Сұлтановқа ұрысып тастады.

Даниал Ахметов

Бұл туралы altaynews.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аппараттық кеңес барысында Әсет Сұлтанов баяндама жасап, мүгедектерге қоғамдық көліктерді бейімдеу бағытында атқарлыған істер жөнінде айтқан. Алайда оның есебінде нақты істен гөрі, сөз көп болған. Осы кезде облыс басшысы Даниал Ахметов оны тоқтатып, ұрысып тастады.

«Білесіз бе облыста қаншама мүмкіндігі шектеулі жан бар екенін? Олар жүз мыңдап саналады. Оларға автобустарға мініп, түсудің өзі өте қиың. Ал сіз ештеңе бітіріп отырған жоқсыз, нақты іс жоқ. Сіз секілді тас жүрек адамдар тиісті мемлекеттік лауазымды иеленбеуі қажет. Сол себепті тек міндетті атқарушы болып жүрсіз, сіз ешқашан басқарма басшысы бола алмайсыз, оны мен сезіп тұрмын», – дейді Даниал Ахметов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар