Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО әкімдік заңгері күйеуін пышақтап өлтірген

Зырян ауданындағы отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Аудандық әкімдіктің 28 жастағы заңгері күйеуін пышақтап өлтірген.

нож

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Күйеуімен қаладағы дәмханалардың біріне барған Жанна Белялованы  таныстарынан қызғанған көрінеді. Кейін қызғаншақ күйеу әйелін сол жерде қалдырып, үйіне қайтып кеткен. Араға үш сағат салып үйіне келген әйелді ол соққан. Қорғанбақ болған жұбайы қолына ілінген пышақты оңды-солды сілтеп, күйеуін тілгілеп тастаған. Ызаға булыққан еркек әйелін қылқындыруға көшкенде жанды жерден тиген пышақтан қансырап құлайды. Жедел жәрдем уақытында келгенімен ол ауруханада қанның көп кетуі салдарынан қайтыс болған.

Тергеу амалдары жүргізіліп, сот Ж.Белялованы екі жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге кесті. Сондай-ақ, ол күйеуінің туыстарына бір миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Талқылау