Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шіркеу қызметкерінің 3 жасар қызды зорлаған сәті видеоға түсіп қалды

Ер адамның бүлдіршінге сексуалды сипаттағы зорлық көрсеткен сәті видеоға түсіп қалды.

Оқиға АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында болды. Ер адамның арбауына 3 жастағы қыз бала түсті. Бейнебақылау камерасынан байқалғандай, ер адам бүлдіршінді дәретханада зорлаған. Қыз баланы дәретханаға өзі кіргізіп алды.

Бейнебақылау дәретхананың сыртында орналасқан. Алайда дәретхана есігі ашық қалғандықтан оқиғаның қалай болғаны таспаға жазылып қалды.

Оқиға шіркеуде болған. Баланы зорлаған да шіркеу қызметкері. 28 жастағы Роберт Ли Хазлет шіркеуде ерікті ретінде жұмыс істеген. Шіркеу қызметкері де оқиғаны растады. Қызметкерлер балалардың қауіпсіздігін қолға алғанын мәлімдеді.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскерді ауыр жаза күтіп тұр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау