Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік қыз АҚШ-та өткен сұлулық байқауында титул иеленді

Қазақстандық қыз Диана Әмір әлем байқауында титул иеленді. Әлемнің әр түкпірінен келген қыздар 8-11 тамыз аралығында Майамиде сайысқа түсті.

Қазақстандық қыз байқау жайлы өзінің Инстаграм парақшасында жазды. 

Айтуынша, ол мұндай нәтиже риза және бірінші тәжірибенің нәтижесі жаман болмаған.

Сонымен қатар байқауға қатысу арқылы көптеген жағымды эмоциялар мен жаңа таныстар тапқанын атап өтті.

Желі қолданушылары құтты болсын айтып, ізгі тілегін жолдады. 

“Құтты болсын, Қазақстанды танытқан қыз”, “Еліміздің туы желбірей берсін, абыройы асқақтай берсін”, “Біздің қазақтың қыздары ең сұлу қыздар”, “Қатысудың өзі жетістік, тек қана алға”, “Келесі жолы бас жүлдені алуды  жазсын”, “Қазақстан әрдайым биіктерден көрінсін”, “Біз сенімен біргеміз, құттықтаймын”, – деп жазды олар. 

Айта кетейік, сайыс 8-11 тамыз аралығында Майамиде өтті.


Баян Мақсатқызы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын беру үшін менен жылда 10 мың доллар сұрайды

Талқылау