Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкенттік дәрігерлер сірке суын ішіп қойған екі жасар бүлдіршінді құтқарды

Шымкентте 2 жасар қыз сірке суын ішіп қойып, аузы, өңеші мен асқазаны күйіп қалған. Дәрігерлер бүлдіршінді аман алып қалды. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Аз уақыт ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін 80 пайыздық сірке су қышқылын ішіп қойған. Салдарынан оның аузы, өңеші мен асқазаны күйіп қалып, қалалық токсикология бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер бүлдіршінге көмек көрсетіп, аман алып қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. 

«Ата-анасы гипербарикалық оттегілеу орталығының токсикология бөліміне жүгінді. Бүлдіршін бірден ауруханаға жатқызылып, сірке суынан улануғ жұтқыншақ, өңеш пен асқазанның орташа ауырлықтағы күйігі диагнозы қойылды. 

Қазіргі уақытта бүлдіршін емделіп жатыр. Лор дәрігер мен реаниматолог кеңес берді. Токсикологтар бақылап, ем-дом жүргізіп жатыр. Ол толықтай сауыққанша орталықта болады», - дейді гипербарикалық оттегілеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.
 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр