Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер 800 грамм болып дүниеге келген нәрестені аман алып қалды

Шымкентте дәрігерлер мерзімінен 3 ай бұрын дүниеге келген нәрестеге күтім көрсетті. Нәресте 800 грамм салмақпен туылған.

Шымкенттік дәрігерлер 800 грамм болып дүниеге келген нәрестені аман алып қалды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

1 ақпанда қалалық перинаталдық орталыққа Дилфуза Артықбаева есімді жүкті әйел ауыр жағдайда түскен. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін, кесір тілігін жасап, босандырып алады. Нәтижесінде шақалақ алты айлығында дүниеге келген. Оның салмағы 800 грамм ғана болыпты.

Дәрігерлер жаңа туған  нәрестені жансақтау бөліміне жатқызған. Ол толық жетілмегендіктен, тыныс алуына қатысты қиындықтар болыпты. Сондықтан дәрігерлер оны жасанды тыныстандыру аппаратына қосуды жөн көрген. 

Дәрігерлер 2 ай бойы нәрестеге күтім көрсетті. Нәтижесінде оның салмағы 1 820 келіге жетіп, жағдайы жақсарыпты. Нәресте өздігінен тыныс ала бастағаннан кейін, палатаға анасының жанына ауыстырылған. Бүгінде анасы перзентімен бірге үйіне жіберілді. 

Талқылау