Шымкенттегі түрмеде жазасын өтеп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаев жұмыс істеуден бас тартты

Экс-министр Қуандық Бишімбаев 15 ақпаннан бері Шымкенттегі ҚАЖ ИЧ 167\3 түзету мекемесінде жазасын өзгелермен бірдей өтеп жатыр. Тілшілер түзету мекемесіне бас сұғып, бұрынғы шенеуніктің қалай өмір сүріп жатқанын біліп қайтты.

Қуандық Бишімбаев

Сурет: sputniknews.kz

Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Түзету мекемесінің басшысы Бағдат Әсілбековтің сөзінше, сотталушы жұмыс істегісі келмеген, есесіне мәдени өмірге белсене атсалысады екен. 

Өз сөзінде Әсілбеков Бишімбаевтың жазасын өтеу тәртібін бұзбағанын айтты.

«Қазіргі таңда № 2 жасаққа орналастырдық басқа да сотталғандармен бірге. Бүгінгі таңда оған ешқандай ерекше көзқарас, ерекше жағдай жасалынған жоқ. Тәртіп бәріне бір. Сонымен қоса айтарымыз барлық заңды талаптарды атқарып жатыр. Тәртіп бұзған емес. Сотталған Бишімбаев осы күнге дейін жұмысқа орналасуға ниет білдірмеді. Бірақ, мекеменің мәдени іс-шараларына қатысуға ниет білдіріп, өтініш жасады.», - дейді Бағдат Әсілбеков.

Түзету мекемесіне тілшілердің келгенін білген экс-шенеунік олармен кездесуден бас тартты.

Қуандық Бишімбаев ортақ казармада 20-ға жуық сотталушымен бірге жазасын өтеуде. Ол басқаларымен бірге ортақ асханаға барады. Мұндай бұрынғы министр үшін жеке мәзір жасалмаған.

Еске сала кетсек, 2018 жылы наурыз айында 10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Леңгірдегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатқан еді. Ол жазасын жұмсартуды сұрап, өзін қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш берген. Сот оны қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырудан бас тартты. Бишімбаев жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтейтін болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Загрузка...
Қазір оқып жатыр