Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте үш жасар қыз жанармай ішіп күйіп қалды

Шымкентте 3 жасар қыз бала өлім аузынан қалды. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін екі күн бойы жанталасты. 

Шымкентте үш жасар қыз жанармай ішіп күйіп қалды

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланы ауыр жағдайда жергілікті ауруханаға жеткізді. Баланың ішкі ағза мүшелері зақымдалды. Дәрігерлер баланы шұғыл түрде Шымкент қаласындағы Гипербарикалық оксигенизация орталығына жіберді. 

"Дәрігерлер баланы жансақтау бөліміне жатқызып, назогастральді зонтпен асқазанын тазалады. Екі күн бойы баланың өмірін құтқарып қалуға тырысты. Соның көмегімен үш жасар қыз баланың жағдайы жақсарып, жансақтау бөлімінен шығарылды", - деді денсаулық сақтау басқармасында.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр