Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте сот үкіміне наразылық танытқан 100-ге жуық адам қалалық сот пен прокуратураға жиналды

Шымкент тұрғындары кісі қолынан қаза тапқан 24 жастағы жігіттің ісі бойынша сот үкіміне наразылық танытты. Осылайша, 100-ге жуық адам қалалық сот пен прокуратураның алдына жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ERNUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Шымкентте сот үкіміне наразылық танытқан 100-ге жуық адам қалалық сот пен прокуратураға жиналды

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 24 маусымында ағайынды Хусан мен Хасан Тұрдиевтер бір топ жігітпен кездесуге келген. Алайда арты жанжалға ұласып, салдарынан Хусан Тұрдиев дене жарақатын алып, ауруханада көз жұған. 

Наразылық танытушылардың сөзінше, бірінші сот сатысында күдіктілерге 19 және 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралған. Алайда артынша мемлекеттік айыптаушы аппелциялық шағымда күдіктілерге 2 және 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұраған. 

"Прокуратураға келген себебіміз, бірінші сот сатысында процессуалдық прокурор қылмысты ұйымдастырушыға 19 жыл, Хамутбековке 18 жыл сұраған. Енді апелляциялық шағымда Райымқұловқа 2 жыл, Хамутбековке 13 жыл сұрапты. Неге прокурор бастапқы пікірінен айнып қалған?" - дейді наразылық танытушылардың бірі Камала Тұрдиева. 

Қалалық прокурордың орынбасары Берген Ержаппар наразылық танытушылармен кездесті. Артынша Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахимбеков наразылық танытушыларды қабылдады.

"Бүгін сот төрағасы сот үкіміне наразылық танытқандарды қабылдады. Кабинетке сыймайтын болғандықтан сот залында қабылдау өтті. Жиналғандарға Ербол Рахимбеков іс материалдары апелляциялық алқаның қарауында екендігін, заң талаптарына сай шешім қабылданатындығын айтты", - дейді қалалық соттың баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенби. 

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктілерге тағылған айыптар өз дәлелін таппаған. 

"Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары Раимкулов Хамутбековпен бір пиғылда бұзақылық ниетте әрекет ете отырып, жәбірленуші Хусан Турдиевті оның туысы Хасан Турдиевтің көзінше аса қатігездікпен қасақана өлтіру туралы нұсқау беріп, осы қылмысты жасауға көмектескен және бұл іс-әрекеттермен шектелмей, Хамутбеков жәбірленуші Хусан Турдиевқа пышақ соққыларын беруі барысында бұзақылық пиғылда жәбірленуші Хасан Турдиевтің екі қолынан ұстап, оны ұрып-соғып жатқан Разметов пен Салибековке қосылып, оның бет аймақтарынан, денесінің өзге де тұстарынан жұдырықтап, көптеген соққы берген деп айыпталған. Алайда сот тергеуі барысында Раимкулов, Разметов пен Салибековке тағылған бұл айыптаулар өз дәлелін таппады, -дейді Қабыл Дүйсенби. 

Талқылау