Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте қыз алып қашып, зорлады деп айыпталған жігіт туралы не білеміз?

25 жастағы Сұлтанның анасы Қанткүл баласының кінәлі еместігіне сенімді. Ол үйін кепілге қойып, баласы қамаудан босатылып шыққанын хабарлады. Тергеу амалдары әлі жүріп жатыр. Бұл туралы жігіттің анасы Stan.kz сайтына хабарлады. 

Шымкентте 19 жастағы Аружанды алып қашып, еркінен тыс үйде ұстап отырды, кейін зорлап, өзіне-өзі қол салуға итермеледі деген Сұлтан Әбдуманап әнге әуес, өнерге жақын жігіт болып шықты. 

Анасы Қанткүл ханым баласын: "Мінезі ауыр, арақ-шарап ішпейді, пиво да ішпейді, темекі шекпейді, қарапайым бала, айтқанды тыңдайды, сыйлайды", - деп сипаттады.

Екінші баласы Асылжан орта мектептің екінші сыныбында оқиды екен.

"Беташар өтті, қуғыншы келді, көңіл-күйіміз жақсы болды, тойға дайындалып жатқан кезде осындай оқыс жағдай болды. Баланы ұнатпаса, молда некесін қиюға келген ойын айтуға мүмкіндігі болды. Мен бұл баланы ұнатпаймын, мен бұл жерде тұрмаймын деп. Бірақ оның бірі айтылмады. Кетіп қалуға талай мүмкіндігі болды, есік алдына дүкенге шығады, тойға дайындалғанда анасымен дүкен аралады", - дейді Сұлтанның анасы. 

Жігіттің анасының айтуынша, қыздың тарабы қойған айыптары бойынша ешқандай дәлел жоқ.  

"Бұлардың не көздегенін, не мақсат бар екенін түсінбедім. Миым жетпей жатыр. Дәлел жоқ ешқандай. Қорғаушымыз олардың қойылған айыптарының негізсіз екенін Қылмыстың Кодекс бойынша барлығына жауап беруге дайын", - дейді жігіттің анасы.

Сұлтанның қорғаушысы Жарылқапберді Өмірзақов тергеу тарапынан көптеген заңбұзушылықтар орын алып жатқанын айтады.

Бұған дейін Сұлтанның анасы отандық арналардың біріндегі ток-шоуға қатысып, баласына жала жабылып жатқанын айтып, халықтан көмек сұраған еді. Әйелдің айтуынша, қыз тарапының мақсаты ақша табу, олар жігіттің ата-анасынан 3 млн теңге талап еткен көрінеді. 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр