Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Грант ұнамаса, ақылы оқытыңдар": Шымкентте мүгедек балалардың ата-анасы шенеуніктерге ренжіді

Шымкентте мүгедек балалар шенеуніктердің шешімі салдарынан арнайы орта білім алу мүмкіндігінен айырылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Alt

Түркістан облыстық білім басқармасындағылар құлағы нашар еститін балаларға арналған интернат түлектері атынан арыз жазып, мүгедектерге арналмаған кәдімгі колледжге грант бөліп жіберген деп отыр ата-аналар.  

Осы орайда, ата-аналар мен мектеп-интернат түлектері білім грантын инклюзивті кабинеттері бар колледжге бөлуін талап етті. Мылқау немесе құлағы дұрыс естімейтін балалар биыл ғана Леңгердегі арнайы мектеп-интернатын тәмамдап, оқуын Шымкенттегі №5 колледжде жалғастыруы тиіс болатын. Ата-аналар білім басқармасына бірнеше рет арыз жазған. Алайда мамыр айының соңында гранттың Түркістандағы мүгедектерге жағдай жасалмаған өзге оқу орнына бөлінгенін білген. 

"Қажетті мамандар жоқ. Ал №5 колледжде сурдолог, логопед дефектолог бар", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Жанар Сманова. 

Сондай-ақ, ата-аналар ұстаздар мен шенеуніктердің "Грант ұнамаса, балаларыңды ақылы түрде оқытыңдар" деп шығарып салғанын айтады. Ал бөлім басшысы Рахия Асанова тігіншілікке 21 гранттың бөлініп отырғанын жеткізді. 

"Базасы өте жақсы. №5 колледжден ешқандай кемдігі жоқ. Жұмыс тиісінше жүріп жатыр. Түркістанға келмейміз, шіріп кеткен, дейді. Әкімнен бастап осы жерде тұрып жатырмыз", - деді Түркістан облыстық білім басқармасы бөлім басшысы. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр