Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адам танысын өлтіріп, денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған

Шымкентте ер адам танысымен бірге ішімдік ішіп отырып, араларында дау туындап, соның салдарынан оны өлтіріп тастаған. Артынша ол танысының денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне лақтырып тастапты. Оқиғаға қатысты сот процесі аяқталды.

Шымкентте ер адам танысын өлтіріп, денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған

Қылмыс өткен жылдың жазында Шымкенттегі көппәтерлі үйлердің біріне орын алған, деп хабарлайды Otyrar порталына сілтеме жасап Stan.kz

Тергеушілер қылмыс болардан бұрын, 30 маусымда, екі ескі таныс кездесіп ақлып, кездескедерін атап өтпек болып, айыпталушының үйіне барғанын анықтап, сотта дәлелдеді.

Таныстар ішімдікке сылқия тойып алғаннан кейін араларында дау туындаған. Артынша 42 жастағы айыпталушы өзін бақылай алмай қалып, балғаны алып, танысын ұрып өлтіреді. Мұнан кейін оның көз жұмғанына көз жеткізу үшін бірнеше рет пышақтапты. 

Ер адам кісі өлтіргенін ертесі күні оянып, мүрдені көргеннен кейін ғана түсінген. Ол тағы да түрмеге тоғытылғысы келмей, мүрдеден арылудың жолын іздестірген. Айта кетсек, ер адам бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталған екен. 

Айыпталушы танысының мүрдесін үйден ешкімге білдірместен алып шығу үшін мүрдені бөлшектеп тастаған. Артынша бөлшектелген денені көрші ауладағы қоқыс жәшігіне тастапты.

Ер адам полицейлердің ертелі-кеш ізіне түсетінін түсініп, қашып кетіп, жасырынып қалуды ұйғарады. Алайда бір айдан кейін полицияға өзі келіп, берілді. 

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 17 жылға бас бостандығынан айырды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр