Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің ұлы сұмдық жайтты жайып салды

Шымкентте өңірге танымал ірі кәсіпкер мен оның жұбайын айуандықпен өлтіріп, миллиондаған ақшасы мен алтын-күмістерін алып кеткен көлік жүргізушісінің соты өтуде. Алғашқы тыңдалымында марқұмның ұлы сотқа дейінгі тергеу амалдарында көптеген бұрмалаушылық болғанын жайып салды. Сөйтіп, судьядан қылмыстық істі қайта тергеу үшін кері қайтаруды сұрағынымен, оның өтініші қанағаттандырылмады. 

Шымкентте айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің ұлы сұмдық жайтты жайып салды

Қанды оқиға осы жылдың 6-ақпанында кәсіпкердің өз үйінде болған. Бұған дейін ерлі-зайыптының жеке көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген 27 жастағы жігіт түн жамылып, үйге кіріпті. Сөйтіп, бірінші қабатта жалғыз өзі алаңсыз ұйықтап жатқан 64 жастағы ер адамды қарумен атқан, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

Марқұмның ұлының айтуы бойынша, күдікті сол жерде әкесін шалқасынан жатқан жерінде қарумен атып өлтіріпті. Ауыр дене жарақатын алған ол тілге келместен мерт болған. Содан ізінше оң жақта тұрған шифонердің ішін ашып, сейфтен ақша ұрламақшы болған. Бірақ оның кілтін таппай, келесі бөлмеге кеткен.

«Сол көзге тиген оқ. Бір көзіне ғана тиген. Бытыра ешқайда шашырамаған. Көзінің ішінен бытыраның оқтарын алып шыққан. Осының салдарынан төбеге қан шашыраған. Ол әлі де тұр. Пердеде де тұр. Осы қылмыстық іс бойынша қанды тіркеуге алдыра алмай отырмын», - дейді марқұмның ұлы Серікбай Тойбаев.

Үй иесін оңай жайратып салған қаныпезер келесі бөлмеде немересімен демалып жатқан 62 жастағы әженің денесіне он екі рет пышақ сұғып алған. Одан кейін ұрып, соғып дене сүйектерін он бір жерінен сындырған. 

«Өте қатты нәрсемен ұрған болуы керек. Ол ұрған кезінде бір қолында пышақ, бір қолында шолақ мылтық болғанын айтты. Ол сол қолымен ұрып, дене жарақатын сала алмайды ғой. Сол күдіктендіріп отыр», - дейді марқұмның ұлы.

Бірақ күдікті алысқа ұзамай қолға түсті. Айғақты заттар алынып, кінәсін мойындаған екен. Алғашқы сот тыңдалымында прокурор айыптау актісін оқып, оқиғаның бүге-шегісіне дейін баяндап берді. 

Дегенмен марқұмның ұлы қылмыскердің жалғыз болмағанына сенімді. Бірақ қылмыстық істі жүргізген тергеуші қалайда істі тездетіп аяқтап, сотқа өткізуге ниетті болғанын жасырмады. Тіпті, бірқатар сараптамалар жүргізілмегенге ұқсайды. Өкініштісі сол, қайтыс болған анасының қолы мен құлағында болған алтындар тексеру кезінде ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. 

Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған жігіттің сот отырысы алқа билердің қатысуымен де өтуі мүмкін еді. Алайда сотталушы одан бас тартты. 

Талқылау