Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте әскери мектептің оқытушысы курсантты ұрып-соғып, жағын сындырған

Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы ІІМ мектебінің оқытушысы курсантты ұрып тастаған. Салдарынан соңғысының жағы сынып, көкірек қуысы зақымдалған.

Шымкентте әскери мектептің оқытушысы курсантты ұрып-соғып, жағын сындырған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

«Таңғы уақытта ауруханада тексердік. Төменгі жағы сынған, көкірек қуысының жұмсақ тіндері зақымдалған. Шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды», - дейді аурухананың жақ сүйек-бет бөлімінің хирургі Арман Жұмаев.

ІІМ мектебіндегілер бірнеше күн бұрын алған бұл жайтты растағанымен, мән-жайын айтпады. Белгілісі, төбелескен қатысқандар –қатарластар. 

Полиция тергеу амалдарына кірісіп кетті.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдарының тізімдемесіне енгізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Сот процесіне дейін мән-жайды хабарлаймыз», - дейді ІІМ оқу орталығының басшысы Талғат Меңдібаев.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр