Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 66 жастағы әжей таксист болып ақша тауып жүр

Шымкенттік Сәбира Сабырова таксист болып ақша табады. Зейнеткерлікке шыққан әжей қарап отырмай күнделікті табыс тауып жүр. 

Шымкентте 66 жастағы әжей таксист қызметін атқарып, ақша тауып жүр

Талай жыл мұғалім болып, зейнетке шыққан әжейді бүгінде қала тұрғындары  таксист әже ретінде таниды, деп жазады Замана.

Әжей таңертең немерелерін барар жеріне жеткізіп тастаған соң такси қызметіне кіріседі. Қас қарайғанша таксист болып, ақша табады. Кешкісін жолдасы мен бала-шағасының ас-ауқатын әзірлейді. Осылайша нәзік жанды әжеміз бәріне үлгереді. 

"Кейде ақшасы жоқ адамдарды тегін жеткізіп тастаймын. Кейде мені алдап кетіп жатады. Жол ақысын бермей кетеді. Небір адамдар бар. Әрқайсысымен әңгімелесіп, небір жаңалықтарды біліп отырамын. Осылай уақыт та өте шығады. Студент кезімнен көлік жүргізем. Сол кезден бастап көлік тізгіндеуді мықтап қолға алғам", - дейді Сәбира әжей. 

Әжей күнделікті табатын табысын да жасырмай айтты. Күнделікті кем дегенде 5000 теңгедей ақша табады екен. Егер, түнгі уақытта да жұмыс істесе, екі есе ақша алып қайтасың деп отыр. Алайда Сабира әжей күніне 5 мың теңгені қанағат тұтам дейді.

Тұрғындардың таксист әжейге көзі үйренген. Тіпті тұрақты түрде бірге баратын жолаушылары да бар көрінеді. 

Сәбира Сабырова 1974 жылы Алматыдағы қыздар институтында оқыған. Кейін аудандық мектепте, Шымкенттегі мектепте мұғалім қызметін атқарды. Институтта оқытушы болды. Бүгінде зейнеткер. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр