Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Шымкентский болмасын": Адвокат Абзал Құспан Гаухар Әлімбековаға қандай талап қойды

Халық арасында кең талқыға салынған Гаухар Әлімбекованың сотында қорғаушы болған Абзал Құспан сол алдында әншіге "Шымкентский тәсілді" қолданбаса ғана істі қолға аламын деп талап қойған, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «The Real Gap» бағдарламасына сілтеме жасап.

Абзал

Сурет: Arasha.kz

Бұл жайлы Сәуле Әбединова тарқатты. Қорғаушы тауып, әншінің абақтыдан шығуына ерікті ретінде атсалысып жүрген тележүргізушінің айтуынша, ақша беріп, кінәсіз Гаухарды сатып алмақшы болғандардың қатары көп болған. Ал қорғаушы Абзал Құспанмен сөйлескенде бірден бұл іске сондай "Шымкенттік тәсілдер" қолданылмаса ғана кірісетінін айтқан. Журналист әншіге қатысты сот шешімінің әділ болғанын осы арқылы дәлелдегісі келді.

«Мен Абзалға хабарласқан кезде ол кісі «Сәуле, көмектесемін. Егер ортадан "Шымкеттің тәсілін" қолданатындар килігіп кетпесе. Яғни ақша бере салайық, жаба салайық деген мәселе болмайтын болсын. Ағаларымен сөйлескенде де, бірден кесіп айт. (...) Осы шартқа көнетін болса ғана, осы іспен айналысамын» деп айтты», - дейді Сәуле Әбединова.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр