Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Шымкентке жетпейді ғой": Дауыс беруге келген беті ашылмаған келін мен жас жұбайлар жұртты таңқалдырды

Шымкент қаласында беті ашылмаған келін мен тойы өтіп жатқан жас жұбайлардың сайлау учаскесіне баруы жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Суреттерді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің желідегі парақшасында бөлісті. 

Көпшілік өздері үшін маңызды күнде арнайы уақыт бөліп, дауыс беріп жатқандарға ризашылығын білдірді. 

"Шымкентке жетпейді ғой. Не болса да таңқалдырады да жүреді", "Бұл Шымкент. Сайлау әділ өтсін. Халқына жаны ашитын азамат болсын", "Бірінші кезекте сайлау, ал беташар кейінірек", "Біздің Шымкент керемет" деп жазды желі қолданушылары. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен билікті бір-бірін қолдауға шақырды. 

Мұнымен қатар, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та Оқушылар сарайына барып дауыс берген болатын. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек дауыс беру учаскесіне отбасымен бірге барды. Бұдан өзге түскі сағат он екіге дейін халықтың 35 процентінің дауыс беріп үлгергені белгілі болды. 

Бас прокуратура бюллетеньмен суретке түскендерге айыппұл салынатынын ескертті.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында митингіге шыққан жүздеген адамның ұсталғаны белгілі болды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр