Шілде айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер

Жұма, 1 Шілде , 2016 13:26

Фильмді үйде ғана емес, көпшілікпен қатар отырып көргенді ұнататын жандарға Stan.kz шілде айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін ең үздік туындылар тізімін ұсынады.

2

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез, соншалықты талғам бар. Бірі әдеби кітаптарды сүйіп, оларды жата жастана оқыса, енді бірі ұзын-сонар романның режиссерлер жан бітірген нұсқасын таңдайды. Соңғысын таңдаған көрерменге ағымдағы айдың ең үздік туындыларымен таныс болыңыздар.

“Өзіңмен кездескенше”

Жанр: драма

Режиссері: Теа Шэррок

Рөлдерде: Эмилия Кларк, Сэм Клафлин, Дженна Коулман, Чарльз Дэнс, Меттью Льюис, Брендан Койл, Джанет МакТир

Мемлекет: АҚШ

Лу Кларк автобус аялдамасынан үйіне дейін қанша қадам жүру керектігін жақсы біледі. Ол өзінің дәмханадаға жұмысын жақсы көреді. Алайда жүріп жүрген жігіті мүлдем дерлік көңілінен шықпайды. Күтпеген жерден өзінің сүйікті жұмысынан айырылып, көптеген қиындықпен кездеседі.

Сал ауруына шалдыққан жігітке күтуші болып жалданады. Ол жігітті бір кездері бейтаныс адам мотоциклмен қағып кеткен болатын. Өмірден баз кешіп жүргенде Луды жолықтырады. Араларында махаббат оты тұтанып, бір-біріне ғашық бола бастайды. Туынды әйгілі роман-бестселлердің желісі бойынша түсірілген. Қазақстандық кинотеатрларда 7 шілдеден бастап көрсетіледі.

3

“Бір жарым шпион”

Жанр: комедия

Режиссер: Роусон Маршалл Тербер

Рөлдерде: Дуэйн Джонсон, Аарон Пол, Кевин Харт, Эми Райан, Райан Хансен, Меган Парк, Даниэль Николет, Бобби Бр

Мемлекет: АҚШ

Әлеуметтік желідегі лүпіл санының өміріңе тигізер әсері мол. Бүгін бейтаныс біреуді достар қатарына қоссаң, ертең сені көрге сүйремесіне кім кепіл?! Тоқаштан өзгесін жақсы көрмейтін жігіт бейтаныс досының арқасында әп-сәтте шпионға айналады. Екеуі шытырман оқиғаларға тап болып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Қазақстандық кинотеатрларда 7 шілдеден бастап көрсетіледі.

6

“Той алдындағы қарбалас”

Жанр: комедия

Режиссері: Джейк Зиманский

Рөлдерде: Анна Кендрик, Зак Эфрон, Обри Плаза, Адам Дивайн, Стивен Рут, Стефани Бирд, Венди Уильямс, Брэнском

Мемлекет: АҚШ

Ағайынды жігіттер өздеріне тойға бірге алып баратын қалыңдық іздейді. Бұл – олардың тұрмысқа шығып жатқан әпкелерінің өтініші. Екеуі интернетке уақытша қалыңдық іздеп жүрміз деп хабарландыру салады. Аталған хабарландыру бойынша нешетүрлі батыл қыздар келеді. Бірақ жігіттерге ұнағаны өздері күткендей тәрбиелі қыздар болмай шығады. Қазақстандық кинотеатрларда 7 шілдеден бастап көрсетіледі.

4

“Мұз дәуірі: Мәңгілік теке-тірес”

Жанр: анимациялық фильм

Режиссері: Майк Термайер, Гален Т. Чу

Рөлдерде: Джон Легуизамо, Куин Латифа, Мартин Шорт, Кеке Палмер, Дэнис Лири, Рэй Романо, Ванда Сайкс, Джей Лен

Мемлекет: АҚШ

Бұл әйгілі мультфильмнің алтыншы бөлімі. Бұл жолы Скрат өзіне азық іздеймін деп ғарыштан бірақ шығады. Қазақстандық кинотеатрларда 14 шілдеден бастап көрсетіледі.

5

“Теңдестер”

Жанр: фантастика

Режиссері: Дрейк Доримус

Рөлдерде: Николас Холт, Кристен Стюарт, Гай Пирс, Джеки Уивер, Тоби Хасс, Дэвид Селби, Кейт Лин Шейл, Ребекка

Мемлекет: АҚШ

Сайлос Теңдестердің бірі. Өте сабырлы, ешкімге соқтықпайтын, қой аузынан шөп алмас жан. Ол жүрген ұжымда қызғаныш, зорлық-зомбылық, кедейлік, эмоция сынды ұғымдар жоқ. Алайда күндердің бір күнінде тұрғындар “Қоғамдық сана” синдромына шалдығады.

Аталған ауруға шалдыққандар күйзеліске түсіп, шаршап, бойын қорқыныш пен махаббат билей бастайды. Синдром вирусын жұқтырғандарды “Барсакелмеске” жібередік. Сайлас өзінің ауру екенін білгенде бейтаныс бойжеткеннің көмегіне жүгінеді. Ол бойжеткен де аталған синдромға шалдыққан болып шығады. Қазақстандық кинотеатрларда 14 шілдеден бастап көрсетіледі.

7

“Менімен биле”

Жанр: мелодрама

Режиссері: Михаил Шевчук

Рөлдерде: Анастасия Новикова, Лука Сабиони, Юрий Кригер, Нонна Гришаева, Лукерья Ильяшенко, Анар Халилов

Мемлекет: Ресей

Бір адамдар бар ғұмырын сарп етіп билеуді үйренеді, ал енді екіншілері жаратқан  таланттарымен дүниеге келеді. Махаббат та дәл осы секілді. Италиялық режиссер Лука Маретти Ресейге келіп, өзі осыдан 15 жыл бұрын басынан өткерген махаббаты туралы фильм түсірмек болады.

Басты рөлге актриса іздеп жүріп Лука Катя есімді жас қызға қатты ғашық болады. Ал Катя Луканың жас кезін сомдайтын Никитаға ғашық болады. Лука араларына түсіп, оларға кедергі жасау үшін қолынан келгеннің барлығын жасайды. Тіпті, Никитаны басты рөлден алып тастауға дейін барады. Қазақстандық кинотеатрларда 14 шілдеден бастап көрсетіледі.

8

“Стартрек: Шексіздік”

Жанр: фантастика

Режиссері: Джастин Лин

Рөлдерде: Крис Пайн, Закари Куинто, Саймон Пегг, Карл Урбан, Зон Салдана, Идрис Эльба, София Бутелла, Джон Чо

Мемлекет: АҚШ

Оқиға бес жылға жоспарланған миссияның екінші жылында өрбиді. Капитан Джеймос Кирк басқарған Энтерпраз жұлдызды экипажының мүшелерін бөгдеғаламшарлықтар тұтқындайды. Осылайша сарбаздар қатыгез дұшпандарымен бетпе-бет кездеседі. Қазақстандық кинотеатрларда 21 шілдеден бастап көрсетіледі.

9

“Елес аулаушылар”

Жанр: фантастика

Режиссері: Пол Фиг

Рөлдерде: Кейт МакКиннон, Кристен Уиг, Мелисса МакКарти, Крис Хемсворт, Билл Мюррей, Сигурни Уивер

Мемлекет: АҚШ

Елес аулаушылар өз жұмыстарын бұрынғыдай атқара алмай алмай қалған. Елестерді бұрынғыдай оңай ұстай алмайды. Осы себептен олар топқа жас аулаушыларды алады.

10

“Бірегей Блинки Билл”

Жанр: анимациялық фильм

Режиссері: Дин Тейлор, Тони Коллетт, Райан Квантен, Дэвид Уэнэм, Робин МакЛиви, Ричард Роксбург, Бэрри Хамфри

Мемлекет: Аустралия

Блинки Билл ешуақытта ешкімнен қорқып көрмеген коала-қонжық. Мұнымен қатар, ешуақытта арманынан бас тартып көрген емес. Өзінің кенгуру, үйректұмсық және тышқан достарымен бірге джунглиді аралап, көптеген жаңа құбыжық түрімен танысады. Артынша төртеуі бірігіп Блинки Биллдің әкесін іздейді. Қазақстандық кинотеатрларда 28 шілдеден бастап көрсетіледі.

11

“Жарық сөнсін”

Жанр: Ужас

Режиссері: Дэвид Сандберг

Рөлдерде: Тереза Палмер, Мария Белло, Билли Берк, Алисия Вела-Бэйли, Эмили Элин Линд, Гэбриел Бетман

Мемлекет: АҚШ

Әйелдің кішкене ұлы жарық сөне салысымен бір бейтаныс әйелді көретінін айтады. Артыншы жалмауыз кемпірге ұқсаған әйелді басты кейіпкердің өзі де көре бастайды. Қастарында ер адам болмағандықтан, тылсым қара күш иесімен өздері күреседі. Әлгі жалмауыз кемпірдің елесін ұстау үшін түрлі әрекетке барады. Ақырында ол әйелдің бала күнгі құрбысы екені анықталады. Қазақстандық кинотеатрларда 21 шілдеден бастап көрсетіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Арман Дүйсенов оралмандар туралы комедиялық фильм түсіріп жатыр

Қайрат Нұртас өмірі туралы фильм түсіріп, көптен жасырған құпиясын ашпақ

Головкин жайлы фильм көрермен назарына ұсынылды (видео)

Шетелдік фильмдерде Қазақстан қалай суреттеледі (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар