Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдіктерге тауарларда қазақ атауы мен таңбаларын жазуға тыйым салынды

5 ақпан күні бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу бойынша Евразиялық экономикалық комиссиясының мүшесі Нұрлан Алдабергенов шетелдіктерге тауарларда қазақ атауы мен таңбаларын жазуға тыйым салу керектігін мәлімдеді.

5447ca3e1a0922c53b310a5d815fd8af-small

Сурет forbes.kz сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Министр слайдта қазақша атауымен жазылған концентрленген сүтті көрсетіп, қазақстандықтардың 80 пайызы оны отандық өнім деп қабылдағандарын айтты.

«Бұл отандық сүт өнімі емес. Сондықтан, тауар белгілерін, атау мен суреттерді, белгілеуде тұтынушыларды шатастырмау үшін ұлттық заңнамамызға өзгертулер енгізуді ұсынамыз», – дейді Нұрлан Алдабергенов.

Талқылау