Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдіктер жиіркене қарайтын әлем елдерінің тағамдары

Барлық елде жергілікті халыққа сіңісті болып кеткен, тіпті өздерінің ұлттық тағымана балап кеткен тағамдар бар. Бірақ дәл сол тағамдарды шетелдіктер аузына да алмай, жииркене қарайтын кездері болып жатады. Яғни, оны тек сол елдің халқы ғана ұнатып жей алады.

t1@a9ac44ce-41fc-4fe4-865f-48df4585de30

Жылқы еті бірнеше халықтың асында бар. Бірақ көбіне біздің елге келген шетелдіктер қазына көріп таң қалады. Қазақтарда бір той қазысыз өтпейді. Жылқының қабырға еті мен майды тұздап, бұрыштап алған соң ішекке салады. Кейін сүрленген қазыны қонаққа асып береді.

Мәселен, көп адамдар финдіктердің өздері құшырлана жейтін салмиактан жасалған кәмпитін жей алмайды. Өзіңіз ойлап көріңізші, түсі қара, нашатыр иісі мүңкіген, қышқыл дәмді ауызға алар ма едіңіз? Финдиктер бұл кәмпиттерді ликерлер мен балмұздақтарға қосады екен.

Натто – жапондықтардың ең танымал тағам түрі. Бұл тағамды олар көбіне теңертеңгілік ас ретінде жейді. Оның иісі кәдімгі бұзылып кеткен сырдың дәміне ұқсас. Бірақ, оларда денсаулыққа пайдалы деп саналады.

Америкалықтар болса, кез келген тағам түріне май қосып жегенді ұнатады. Майға қуырылған, майлы тағамдар сұранысқа ие. БІр тағамдағы сонша майды көрсеңіз жей алап ма едіңіз?

Оливье салаты мен борщ әлемге танылып кеткеніне де біраз уақыт болды. Алайда, шетелдіктердің балық қосылған қызылша салаты мен тоңазыманы жеп көргендегі көңіл-күйін байқап көріңіз. (бас-сирақтан қайнатып суытылып ұйытылған тамақ).

Сюрстрёмминг – балық тағымының түрі. Банканы алғаш ашқанда мұның иісінің өткірлігі сондай бүкіл үйді алып кететін көрінеді. Сондықтан оны көшеде, не суы бар шелектің ішінде ашқан жөн.

3128860-650-1445590387surst1

Балют – Азия халықтарының ішінде ең танымал тағамдардың бірі. Әсіресе, арнайы құс еті бар Филиппин елінде кеңінен танымал. Бұл ішінде ұрық пісіп жетіле бастаған үйрек жұмыртқасы. Жұмыртқаны суға піскен түсірнде, сырмен берге, соуспен не қуырылған түрінде жейді. Алғаш көргенде жиіркене қарайсыз. Бірақ азиа халқы мұны тамсанып, әрі пайдалы деп жейді.

3130560-650-1445592039800px-Hotvitlon

Веджимайт – тек австралиялықтар ғана түсінетін тағам. Ол сыраның қалған түбінен жасалған ащы-тұзды, ашытқылы дәм. Оны көбіне таңертен нанға жағып жейді. Тіпті, ұлттық тағам түріне де жатады.

3135160-650-1445596770Vegemite

Хачиноко – араның дернәсілі. Қант, соя соусы қосылған дәмді Жапонияның барлық асханаларынан табуға болады. Сузумебачи деп аталатын үлкен аралардың дернісілі бар. Оларды таяқшаға тізіп, кәуап сияқты отқа пісіріп, күрішпен қосып суши ретінде жейді немесе печеньелерге қосып жейді.

Скандинавтықтар үшін лютефисктен асқан тағам жоқ. Дәл осы тамақты дайындау үшін үш күн арнайы сақтап, ас содасын қосады. Осылдан кейін жағымсыз иіс пайда болады. Норвегиялықтар мен өзге де скандинавиялықтар бұл тағам түрін деликатес ретінде санайды және Рождество мерекесіне орай дайындап жатады.

3142210-650-1445600380181214-lutefisk-feature-image-rev

Талқылау