Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдіктер Маңғыстау тұрғындарының түйелерін ұрлап келген

Маңғыстаудан түйе ұрлаған Түрікменстан және Өзбекстан азаматтары ұсталды.

Бұл туралы Лада хабарлайды.

Облыстық ішкі істер қызметкерлері түйе ұрлағандарды тұтқындады. ІІБ қызметкерлері барымташыларды Бейнеу ауданы мен Атырау аумағынан ұстаған.

Барымташылар Қызылсай ауданындағы өндіріс аумағынан ірі қараны қараусыз қалған кезінде айдап әкетіпті.

Жүргізілген жедел іс-шара барысында түйе ұрлаумен айналысұандар тұтқындалды. Мұндай топтардың бірі Атырауда, тағы бірі – Бейнеу ауданының аумағында ұсталған.

«Тексеру барысында күдіктілердің бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін істі болғандары анықталды. Сонымен қатар күдіктілер 8 қаңтарда Ақтаудан бес шақырым жерде жайылып жатқан екі түйені ұрлаған. Барымташылар Түрікменстан және Өзбекстан азаматтары болып шықты. Келтірілген залалдың сомасы 2 миллион 750 мың теңге», – делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарлама.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Дипломмен ауылға: Ақтөбе облысының тұрғыны әкімдіктегі кадр бөлімін алдап соққан

Қазақстандықтарға Францияда тегін білім алуға мүмкіндік беретін  «Abai-Vern» стипендиясы тағайындалды

Ақмола облысында күйеуі азаматтық некедегі әйелінің атынан несие алып қашып кеткен

Ақтөбедегі автобус өрті: Полиция жүргізушілерден жауап алып жатыр

Талқылау