Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдіктер Қазақстанның 17 қаласында заңсыз казиноларды бақылап келген (видео)

Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы Бас прокуратураның көмегімен Қазақстанның 17 қаласында 48 мекеменің заңсыз ойын қызметін бақылайтын төрт трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл жасап, күдіктілерді қолға түсірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелдіктер Қазақстанның 17 қаласында заңсыз казиноларды бақылап келген (видео)

Қылмыстық қызметтің ұйымдастырушылары мен жетекшілері Қырғызстан, АҚШ, Испания, Непал, Болгария, Ресей және Қырғызстан азаматтары болып табылады. Барлық шетелдік азаматтардың аты-жөні анықталды. Олардың екеуі тұтқындалып, алтауына халықаралық іздеу жарияланды», – деп хабарлады ІІМ-нен.

Бұл іс бойынша 40-тан астам күдікті тергеуден өтіп жатыр, олардың 9-ы қамауға алынған. Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілді. Ал бұл істің өзі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жүргізілуде.

Бір қызығы, заңсыз мекемелер туралы олардың клиенттері хабарлаған. 2018 жылы полицияға осы мәселемен 70 шағым түскен. Ал шағым түсірген азаматтар үлкен сомада ұтылып қалғандарын хабарлаған. Сөйтсе, лотереялар ойнатылатын мекемелерде – онлайн казино, электрондық рулетка, покер секілді құмар ойындар ұсынылып келген екен. Ал бұл ойындар тек еліміздің кейбір аудандарында ғана рұқсат етіледі.

Құмар ойын ойнап, ақшаларынан айырылған 35-ке жуық клиенттің туыстары ойыншылардың осындай мекемелерге баруына тыйым салу туралы өтінішпен арыз жазған.

«Көп жағдайларда ойыншылар үлкен шығындардан кейін жеңіл ақша табамын деген үмітпен қылмыс жасайды. Мәселен, соңғы екі жылда тек қана Астанадағы құмар ойын орындарының тұрақты клиенттері ойын бизнесінің 14 нысанында 27 қылмыс жасаған. Олардың ішінде адам өлтіру, 22 ұрлық, екі тонаушылық және екі қарақшылық шабуыл бар», – деп хабарлады ІІМ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау