Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдіктер қазақ батырларымен суретке түсу үшін кезекке тұруда

“Арлан Жете” атты ұлттық дәстүрлер театрының актерлары батыр көшпенділердің обрызында шетелде таңғалдыруда. Бұл туралы “Казахстанская правда” басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агентті хабарлайды.

Қазақ ертегілеріндегі қайсар батырларға ұқсаған еліміздің азаматтары халықаралық шараларға қатысып, өзге мемлекеттерді аралап жұртты таңғалдыруда. Оларды көрген адамдардың қазақ тарихы мен мәдениетіне қызығушылығы оянады екен.

“Біздің театр шамамен әлемнің барлық жерлерінде болып қайтты. Бізді тек Оңтүстік және Солтүстік полюстағылар ғана көрген жоқ”, — деп қалжыңдады театрдың жетекшісі Мүслім Жұмағалиев.

Париж, Берлин, Пекин, Сингапур, Гонконг тұрғындарын таңғалдыру мүмкін емес деп ойласаңыз, қателескеніңіз. Олар көшеде жүрген алып қазақстандықтарды көргенде тамсанып, таңданады. Телефондарына түсіреді. Қай елден келгендерін сұрап, суретке түсу үшін кезекке тұрады.

Батырдың рөлін сомдап жүрген актерлар қатысқан шараларды саусақпен санап шығу мүмкін емес. Олар Европа елдеріндегі Қазақстан күніне, Жібек жолына арналған шараға, түрік халықтарына ортақ мейрамдарға, республикалық этнофестивальдарға қатысып үлгерген.

Театрда екі жүзге жуық адам еңбектенеді. Төрттен бір бөлігі қыздар. Театрда 40 батыр бар. Жігіттердің бойы 195 сантиметрден басталады. Ертай Қадыров есімді актердың бойы 217 сантиметр. Ол театрдағы бойы ең ұзын батыр.

“Біздің жігіттерді киноға түсуге, телевизиялық, тарихи бағдарламаларға қатысуға жиі шақырады”, — дейді Мүслім Жұмағалиев.

Театр коллекциясында үш жүзге жуық костюм бар. Олардың ең жеңілі 10, ал ең ауыры 30 килограмға дейін жетеді. Театрға кез келген алып адам қабылданбайды. Үміткерлер театрға жұмысқа орналасу үшін Қазақстан тарихынан және IQ деңгейін анықтайтын тест тапсыруы керек.

Театрда кәсіби, оқыған актерлар ұжымның 15 пайызын ғана құрайды . Қалғандары әртүрлі мамандық иелері. Нақтырақ айтқанда, спортшылар, әскери адамдар, банк қызметкерлері, даяшылар, теміржолшылар.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау