Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік өнімдер «қазақстандық» белгімен сатылып жатыр

Қазақстанда шетелдік өнімдер қазақстандық өнім ретінде сатылуда. Қазір импортталған тауарға “қазақстанда жасалған” деген жапсырма жабыстырылған.

19

Әрбір сауда орындарында қазақстандық өнімдерге арналған сөрелер бар. Қазір онда отандық емес, шетелдік өнімдермен толтырылған.

-“Отандық тауар өндірушілердің куәлігін тексеріп, куәлік ету жүйесін реттеу керек”, – деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төраға  орынбасары Нуржан Альтаев. Айтуынша, отандық өнімнің арнайы жасалған белгісі бар. Бірақ өндірушілер шетелдік өнімнің биркасын ауыстырып, қазақстандық өнім етіп көрсеткен. Тіпті, тауардың шыққандығы жөніндегі өтірік куәліктері де бар.

3 айдың ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 95 кісәпорынды тексерген. Соның жартысынан көбі белгісін ауыстырған. Қазір сол компаниялардың шығарып отырған өнімдеріне берілген сертификат қайтарылды.

 

Талқылау