Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік БАҚ: Баландиннің жеңісі “манкини” туралы аңыздарды жойды

Кеше бірқатар шетел басылымдарында: “Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин Олимпиада алтынына қол жеткізу арқылы “манкини” жайындағы аңыздарды жоққа шығарды”, – деген тақырыпта ақпараттар жарияланды.

баландин

Қазақстан жузушілерін Борат Сағдиевтің рөлін сомдаған танымал актер Саша Барон Коэнмен ештеңе байланыстырмайды. Оларды қатар атаудың өзі үлкен әбестік.

Журналистер Дмитрий Баландиннің 200 метр қашықтықта жеңімпаз атануы спортшының өзін де қайран қалдырғанын атап өтті. Сондай-ақ, шетелдік БАҚ өкілдері қазақстандық спортшыны Рокки-4 фильмінде боксшының рөлін сомдаған Дольф Лундгренге ұқсатты.

дольф

“Сіздер алғашқы 50 метрде де, ақырғы 50 метрде де жеңімпаз бола алмадыңыздар”, – деді Дмитрий Баландин алғашқыда топ жарып келе жатқан Жапония спортшысының жеңілісіне пікір білдіріп.

Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы әзірге Экспо-2017 көрмесінің ұйымдастырылуына шақырылмағанын, шақырылған жағдайда қуана-қуана келісетінін айтып өтті.

“Қазақстан – қонақжай мемлекет. Біздің елімізге қош келдіңіздер”, – деді Дмитрий.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында ашылған бассейнге Баландиннің есімі берілді

Баландиннің анасы: Ұлымның жеңісіне әлі сене алар емеспін

15 және 20 тамыз күндері Олимпиада жеңімпаздары Алматыға ұшып келеді (фото)

Бапкері Дмитрий Баландиннің жеңісін таңғажайып оқиғаға теңеді

Талқылау