Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үндістандық студентті өлтіріп кетті

БАҚ-та Алматыда оқып жатқан үндістандық студентті өлтіріп кетті деген ақпарат тарады.

The Hans India газеті Алматыда Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің студенті көз жұмды деп жазды. Марқұм жігіт 23 жаста болған.

Басылым мәліметінше, жас жігітті өзі тұрып жатқан жалдамалы пәтерінен тапқан. Оның денесінен зорлық белгілері табылды.

Студент 9 қараша күні қаза болды. Ол пәтерден жартылай ессіз күйінде табылды. Бұған дейін студент оқу орны басшылығынан жатақханадан орын беруді сұрағанымен, жетекшілері оның өтінішіне мән бермей келіпті. Оқу орнындағылар студенттің өліміне қатысты күдіктінің анықталғанын айтты.

“Полицейлердің мәліметінше, оқыс оқиға тұрмыстық сипатта. Адам өлімі спиртті ішімдік ішу салдарынан болды”, – деді оқу орындағылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау