Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелде тұратын қазақ қызы журналистерді әншінің алдында төменшіктемеуге шақырды

Әлеуметтік желіге Толқын Тоты аты-жөнімен тіркелген шетеле тұратын жас саясаттанушы еліміздегі журналистердің әншілердің көлеңкесінде қалып жатқандығына наразылық танытты.

ппппппппп

Бұл туралы ол Фейсбуктағы парақшасында жазды. Ол журналистер әншілерге төтеп беру үшін не істеу керек деген сауалға жауап іздейді. Сосын, бірнеше нұсқасын да жазып өткен:

1. Журналист болыңыз кәсіби,
2. Өз салаңыздың бар қырын біліңіз,
3. Онлайнда белсенді болыңыз,
4. Басқа да кәсіби журналистермен бірге жұмыс жасаңыздар,
5. Бірлікшіл болыңыздар, көлденең көк атттыға жем болмай,
6. Әмбебап болыңыздар, монтаж, подкаст, зкт, титул т.б дүниені жаза алып, сюжет жасай алыңыз, видеоңызды монтаждай алыңыз, көрінгенге жәутеңдеп тұрмай,
7. Mынау не деп тұр деп, ағылшынша текстіні көтеріп, бір Болашақтықтың артынан ермей, өзіңіз ағылшынша үйреніңіз, тым болмаса керекті ақпаратты өзіңіз түсініп алатындай,
8. “Не полноценности” дегенді естен шығарып, мидан тазалаңыздар. Әншілерден кем емессіздер,
8. Әр кезде әншінің алдында мыстарыңыз басылып, олардың алдында бүгежектеп жүгірмей, олармен тепе-тең, өздеріңізді тіпті жоғары ұстаңыздар,
9. Пәтерім жоқ, ақшам жоқ деп бар дүниені материалдық жағдайға сүйемей бір біріңізге көмектесіңіздер,
10. Қымбат емес киімдермен таза көркем көрінуге, мэйк апп жасауды үйреніп алыңыздар,
11. Тағы да өзіңізіге сенімді болыңыз. Кітап оқыңыз. Әншілер көбісі кітап оқымайды, мың жерден сырты жылтыраса да миы қалтырап тұрады ол кісілердің,
12. Диплом алған, бітірген университеттеріңіздегі ұстаздарыңызбен кері байланыс жасап отырыңыздар. Сіздердің “крышаларыңыз” рухани қолдаушыларыңыз кафедрада жұмыс жасайтын жаны таза ғалымдар,
13. Рейтингі үшін әншілерді жағалап солармен сұхбат алуға жүгірмей, текті, ақсүйек, оқымысты ғалымдар мен ұстаздармен, дәрігерлермен сұхбаттасуға жүгіріңіз,
14. Әншілер ешқашан элита болған емес. Ақсүйектік те оларда жоқ. Есесіне сіздер интеллектуал адамсыздар,
15. Қазақ журналистері өздеріңізді ешкімнен кем санамаңыздаршы,
16. Наныңыздан айрылғыңыз келмей көрінгеннің қолбаласы болып, қорқып өмір сүрмеңіздер,
17. Халықаралық сөз бостандығы, журналистер ұйымдарына мүше болып алыңыздар онлайн анкетттерін толтырып,
18. Еңбек кодексі мен өз салаңыздың заңдарын жатқа біліп алыңыз,
19. Журналист төртінші билік екендеріңізді ұмытпаңыздар. Орнына қойыңыздар,
20. Бірігіп, пәтер жалдаңыздар квартирада тұратындар,
21. Өз құқығыңыз тапталған кезде change.org және Freedom House секілді халықаралық сөз бостандығын, шығармашылық еркіндікті қолдайтын ұйымдарға ағылшынша хат жазыңыз,
22. Ықпалды жандардың нақсүйерін жағалағанның орнына өз жолыңызды қалыптастырыңыздар,
23. Аналитиканың,сараптаманың, харизманың, таза сөйлеудің қасшебері болған күні сіздің алдыңыздан ешкім кесе көлденең өте алмайды,
24. Армандаңыздар, мақсат қойыңыздар.

“Айналайын, әпкелерім, апайларым, ағаларым қай қазақтан кем едіңдер! Рухты болыңыздаршы. Көрінгенге кеудеңізді бастырып, еңселеріңізді түсірмеңіздер. Журналистер, көрінбей жүрген, еңбегі бағаланбай жүрген журналистер мен сіздерді құрметтеймін. Гламурларға жағатсымай, жаңадан бітіріп кеп жатқан жас журналистерді өзекке теппей, өз бауырларыңызға тартып, өздеріңіздің қуатты державаларыңызды жасауға тырысыңыздар”, – деп жазады ол.

Талқылау