Шетелде той болады: Айгүл Иманбаева ағылшын тілін не үшін үйреніп жүр?

Бір тойым болатыны сөзсіз менің деп, былтырғы жылы әріптестерін шетелде өтетін тойына шақырған Айгүл Иманбаева енді ағылшын тілін үйреніп жүр. Өнер иесінің мұндағы мақсаты не? Ел арасында тіпті, Айгүл шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуы мүмкін деген сөз тарап үлгерген. 

Айгүл Иманбаева ұлының күнделігін оқу үшін ағылшын тілін үйреніп жүр

31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында Иманбаева құпияның шетін ашты. 

"Менің балам қазір ағылшынша ойланып, ағылшынша жазатын болып кетті. Бұрын күнделігін ұрлап оқитын едім, қазір ұрлап та оқи алмайтын болдым. Өйткені ағылшынша жазады. Тіл керек. Тілді үйренуімнің ең басты, маңызды себебі не екенін тойда бір-ақ айтамын. Әзірге тіл үйренудемін", - дейді Иманбаева.

Айгүл былтыр айтқан сөзінен айнымай, жақын арада той болатынын тағы да айтып қалды. Әріптестерін шетелде өтетін думанға шақырып үлгерген ол әзірге нені тойлататынын ашып айтпады. Есесіне ағылшын тілін үйрену қаншалықты қиын екенін түсіндірді. 

"Ұстазым Гүлзар ханым: - Айгүл, өткен өміріңізде ағылшын әйелі болған шығарсыз, - деп айтады. Білмеймін, құлшыныс, ниет болғандықтан шығар, тіпті қиналып жатқан жоқпын. Рахаттанып барамын, сабағымды жібермеймін. Астанадан кетіп қалғанда, тіпті онлайн оқимын. Меніңше, ниеттенсең, алынбайтын қамал жоқ сияқты ғой", - дейді Иманбаева. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр