Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелде құлап жатқан Ерке Есмахан жұртты шошытты

Грузия елінде саяхаттап жүрген Ерке Есмахан желіде кезекті пост жариялап, қызу талқыға түсті. “Хит” әнші етбетінен құлап жатқан сурет жариялап, жұрттың түсінбестігін туғызды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

ерке есмахан

Әншінің құлап жатқан суретін көрген жұрт оны қызу талқыға салды.

“Шырағым-ау, өзіңе де, халыққа да қажетсіз нәрсені не үшін жіберіп отырсың? Бояушы-бояушы дегенге сақалын бояпты деген мақал бар қазақта. Сол айтқандай, Ерке еркелейді дегенге тым тәлпіштеніп кеттің. Есіңді жи да, дұрыс жүр”, – деп ақыл айтты оқырмандардың бірі.

“Осы жұлдыздардың кейде ақылға сыймайтын әрекеттері-ай, әнің де, өзің де көркем қызсың-ау, бірақ мынау не?” – деп шамданды екіншісі.

“Грузиндер шарапқа тойдырған ба?” – деп қалжыңдады тағы бір желі қолданушысы.
Айта кетейік, Ерке Есмахан әріптестерімен бірге Қазақстан футбол құрамасын қолдау үшін арнайы Грузияға барған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау