Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шет елден келген туристі балағаттағанын видеоға түсіріп алған таксист жұртты ашуландырды

Желіде шет елден келген туристің қазақ тілін білмейтінін пайдаланып, оны балағаттаған таксистің видеосы тарап кетті. Өз кезегінде таксистің әрекетті көпшілікті ашуландырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шет елден келген туристі балағаттағанын видеоға түсіріп алған таксист жұртты ашуландырды

Facebook желісіндегі  «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында тараған видеода ер адам бейнекамераға қарап, Қарабұлақтан келе жатқан жолда шетелдік азаматты көлігіне отырғызғанын айтады. Шетелдік ер адам жүргізушіге Польшадан келгенін және Түркістанға бара жатқанын айтады. Өз кезегінде жүргізуші жолаушыдан есімін сұрап, артынша оның тек орыс тілін білетінін, ал қазақша мүлде түсінбейтінін біліп алады. Таксист жолаушымен сөйлесу барысында оған түрлі бейәдеп сөздер айтып, балағаттайды.

Видеоны көрген желі қолданушылары жүргізушіге ашуланып, пікірлерін қарша боратты. Кейбірі таксишінің әрекеті үшін кірерге тесік таппағанын жазды. Ал пікір қалдырушылардың кейбірі құқық қорғау органдары мен прокуратурадан видеоға назар аударуын сұрады.

«Соңына дейін көре де алмадым. Ұят», «Осы таксист, жалпы көлік жүргізушілерін жинап, сөйлеу, өзін ұстау, киім кию мәдениетіне қатысты семинар өткізу керек. Қонақтың не жазығы бар? Таксистке ақша төлеп келе жатып, шешесіне тіл тигіздірді. Тәрбиеден жұрдай. Аңдар да жүрген ізін аңдап басады. Мына таксист жауапқа тартылса ғой», «Басқа адамның тіл білмейтінін пайдаланып, бетіне күле қарап отырып бейәдеп сөздер айту деген ең төмен нәрсе», «Қазақстанға келіп жатқан қонақтардан ұят емес пе? Кеуделеніп, есерленіп сөйлеп, жанындағы адамды өзінен төмен санап. Тегін апара жатқан жоқ шығар», – деп жазды ашуланған желі қолданушылары.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау